ҚАЗАҚСТАНҒА АТОМ ЭНЕРГЕТИКАСЫ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ: ҒЫЛЫМИ КӨЗҚАРАС ЖӘНЕ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстанда атом энергетикасын дамыту мәселесі соңғы жылдары күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың біріне айналды. Бұл бағыттың маңыздылығы туралы еліміздің жоғары басшылығы да, сала сарапшылары да жиі айтып келеді. Әсіресе, жаһандық энергетикалық қауіпсіздік пен экологиялық тұрақтылық жағдайында атом энергетикасының рөлі арта түсуде.

Қаңтар айының ортасында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Абу-Даби тұрақты даму апталығы» саммитінде сөйлеген сөзінде БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу және «жасыл» жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне ерекше тоқталды. Мемлекет басшысы бұл бағыттағы міндеттердің бүкіл адамзатқа ортақ екенін атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстанның көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша ұзақ мерзімді стратегия қабылдаған Орталық Азиядағы алғашқы ел екенін жеткізді.

Осы ретте М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті «Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер» кафедрасының PhD докторы, доцент Нұрсұлтан Файыз атом энергетикасының ғылыми және практикалық маңызын ерекше атап өтеді.

Маманның айтуынша, атом энергетикасы – экологиялық тұрғыдан ең тиімді энергия көздерінің бірі.
-Атом электр станциялары атмосфераға көмірқышқыл газын іс жүзінде шығармайды. Бұл – климаттың өзгеруімен күресте аса маңызды фактор. Қазақстан секілді көмірге тәуелді елдер үшін атом энергетикасы – көміртегі шығарындыларын азайтудың нақты жолы, – дейді Нұрсұлтан.

Сондай-ақ, ол атом энергиясының тұрақтылық тұрғысынан артықшылықтарына тоқталады.
-Күн немесе жел энергетикасы табиғи жағдайларға тәуелді болса, атом станциялары тәулік бойы үздіксіз энергия өндіре алады. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-ishki-sayasat/press/news/details/1207136?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version