№ 1 хаттама Ұлан ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы мүшелерін іріктеу жөніндегі отырыс

Жарияланды:

Автор:

категорияда

№ 1 хаттама
Ұлан ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі
жұмыс тобы мүшелерін іріктеу жөніндегі отырыс

Өткізу орны: Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кенті, Ұлан ауданы әкімдігінің ғимараты, Абай алаңы № 5

Өткізу күні мен уақыты: 2026 жылғы 24 сәуір, сағат 11.00

Қатысушылар саны: 6 адам (қоса беріледі)

Жиналыс төрағасы: Қалиева Гүлмайра Набиевна – Ұлан аудандық мәслихатының төрағасы

Жиналыс хатшысы: Умарзаков Ермек Ерсайынұлы – Ұлан аудандық мәслихаты аппаратының басшысы

Күн тәртібі:

  1. Қоғамдық ұйымдардан, бастамашыл азаматтардан Ұлан ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы құрамына енгізу туралы түскен ұсыныстарды талқылау;
  2. Ұлан ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы мүшелігіне кандидаттарды дауысқа салу және бекіту;
  3. Ұлан ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының басшысын сайлау;
  4. Жұмыс тобының өкілеттіктерін жүзеге асыру:
  • Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау конкурсы туралы халықты хабардар етеді;
  • алғашқы отырыста Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын айқындайды;
  • Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау рәсімін өткізеді;
  • Қоғамдық кеңеске кандидаттардың резервтік тізімін қалыптастырады;
  • Қоғамдық кеңес туралы ереженің жобасын әзірлейді.

Сөз сөйледі Гульмайра Набиевна Қалиева: Қоғамдық кеңес құрамынан бірнеше мүшенің шығуына байланысты Ұлан ауданы Қоғамдық кеңесінің қосымша құрамын қалыптастыру қажет. Осы мақсатта ағымдағы жылдың 7 сәуірінде «Ұлан ауданы Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының сандық құрамын бекіту туралы» өкім қабылданды. Мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және азаматтардың өкілдері қатарынан жұмыс тобы мүшелерін іріктеу бойынша конкурс жарияланды, онда жұмыс тобының сандық құрамы, құжаттарды тапсыру мерзімдері, сондай-ақ құжаттар жіберілетін пошталық және электрондық мекенжайлар көрсетілді. Жұмыс тобы құрамындағы мемлекеттік орган өкілдерінің үлесі жалпы мүшелер санының үштен бірінен аспайды. Жергілікті деңгейде азаматтық қоғам өкілдерінің үлесі жалпы мүшелер санының кемінде үштен екісін құрайды және үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.

Отырыс барысы:

  1. Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша отырыс хатшысы – Умурзаков Е.Е. сөз сөйлеп, Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы құрамына енгізу туралы қоғамдық ұйымдар мен бастамашыл азаматтардан түскен ұсыныстарды таныстырды. ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 10-бабы 1-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттармен таныстырды.

Ұсынылған құжаттар негізінде шешілді: төмендегі кандидатураларды Ұлан ауданы Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамына енгізу үшін ұсыну және дауысқа қою:

 

Т.А.Ә.

Лауазымы

1

Сергазинов Рустем Рашидович

Ұлан ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы

2

Берікқожаева Гауһар Думанайқызы

«Аманат» партиясы Ұлан аудандық филиалының төрағасы

3

Ибраимова Алгиза Дүйсембиновна

Ұлан ауданы іскер әйелдер қауымдастығының төрағасы

4

Умурзаков Ермек Ерсайынұлы

Ұлан аудандық мәслихаты аппаратының басшысы

5

Кусметова Асель Нурлановна

ШҚО Кәсіпкерлер палатасының Ұлан аудандық филиалының директоры

 

  1. Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша ұсынылған кандидатуралар үшін дауыс берілді:

«қолдады» – 5;
«қарсы» – 0;
«қалыс қалды» – 0.

Шешім: Ұлан ауданы Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамын мәслихат төрағасының өкімімен бекіту.

  1. Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша жиналыс төрағасы Қалиева Г.Н. сөз сөйлеп, жұмыс тобының басшысы ретінде Ибраимова А.Д. кандидатурасын ұсынды.

Дауыс беру нәтижесі:
«қолдады» – 5;
«қарсы» – 0;
«қалыс қалды» – 0.

Шешім: Ұлан ауданы Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының басшысы болып Ибраимова А.Д. сайлансын.

  1. Күн тәртібінің төртінші мәселесі бойынша Ибраимова А.Д. сөз сөйледі.

Шешім:

  1. Ақпарат назарға алынсын;
  2. Ұлан ауданы Қоғамдық кеңесі мүшелерін сайлау конкурсы 27.04.2026 – 12.05.2026 аралығында жариялансын;
  3. Қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен азаматтар Ұлан ауданы Қоғамдық кеңесінің құрамына кіруге ниет білдірген жағдайда Ұлан аудандық мәслихатына келесі құжаттарды ұсынсын: үкіметтік емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың кандидатурасын ұсыну туралы өтініші;
    кандидаттың кәсіби және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер (өмірбаяндық деректермен); соттылығының бар/жоқтығы туралы анықтама;
    сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны туралы сот шешімінің жоқтығын растайтын құжат; ПНД және ОНД анықтамалары;
  4. Келесі отырыс 13.05 – 19.05.2026 аралығында өткізілсін.

  Жиналыс төрағасы                                                                                          Г. Қалиева

 Жиналыс хатшысы                                                                                     Е. Умурзаков

                     

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulanmaslikhat/press/news/details/1207766?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version