Аудан әкімі А.Жақсылықовтың төрағалығымен өңірдегі құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі «Айқын нәтиже» жобасының орындалу барысы бойынша арнайы жиналыс өтті.
Жиналысқа аудан прокуроры Ж.Жұмағазиев, сондай-ақ, құқық қорғау органдарының жетекшілері, бөлім және мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібінде:
– «Айқын нәтиже» жобасының орындалуы;
– Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасының жүзеге асырылуы;
– Құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы атқарылған жұмыстар;
– Саладағы өзекті мәселелер мен алдағы міндеттері бойынша тиісті мекеме басшыларының ақпараттары тыңдалды.
Аудан әкімі құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыру, әсіресе жасөспірімдер арасындағы құқықтық тәрбиені күшейту, мүдделі органдардың өзара іс-қимылын арттыру қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жандандыру, профилактикалық іс-шаралардың сапасын арттыру және халықпен кері байланысты күшейту бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-temir/press/news/details/1207765?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау