Әдеби quiz: жас оқырмандар білімдерін дәлелдеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай мектебімізде «Әдебиет еліне саяхат» атты қызықты әдеби quiz ұйымдастырылды.

Бұл шараның басты мақсаты – оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, олардың танымдық қабілеттерін дамыту және әдебиет әлеміне деген қызығушылығын ояту.

Quiz барысында қатысушылар қазақ және әлем әдебиеті бойынша түрлі сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынға салды. Әсіресе, Абай Құнанбаевтың даналыққа толы шығармалары, Бердібек Соқпақбаевтың қызықты туындылары және қазақ халық ертегілері бойынша сұрақтар оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Тапқырлық пен білім сынға түскен бұл сайыс өте тартымды әрі әсерлі өтті. Оқушылар белсенділік танытып, өздерінің жан-жақты екенін дәлелдеді.

Осындай шаралар жас ұрпақты кітап оқуға баулып, рухани дамуына үлкен үлес қосатыны сөзсіз.

Кітап – білім бұлағы, ал кітап оқыған адам – рухани бай тұлға!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1207610?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version