Skip to content

Орысша оқу

ЖАЗЫЛУ
КІРУ
Сәуір 24, 2026
200News

ҚАЗАҚСТАН

ӨКҚ

ШЫМКЕНТ



Мемлекет пен бизнес серіктестікті күшейтуде

Жарияланды:

24/04/2026 10:12

—

Автор:

Алатау Ахмет-Султан
категорияда Жаңалықтар

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылын нығайту мәселелеріне арналған «Ортақ Атамекен: Өңірден басталған өрлеу» атты форумы өтті.

Форумда Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев баяндама жасады. Ол форумның мемлекеттік органдар, бизнес-қоғамдастық және сарапшылар арасындағы конструктивті диалог үшін тиімді алаңға айналғанын атап өтті. Оның айтуынша, бизнеспен жүйелі өзара іс-қимыл тұрақты экономикалық өсудің, инвестициялық тартымдылықты арттырудың және кәсіпкерлікті дамытудың негізгі факторы болып табылады.

Қазақстанда ҚР Үкіметі жанындағы Отандық кәсіпкерлер кеңесі, AMANAT партиясы жанындағы Үйлестіру кеңесі және Кәсіпкерлік қызметті реттеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия жанындағы сараптамалық топтарды қоса алғанда, тұрақты диалогтық тетіктер жұмыс істейді. 2022 жылдан бастап бұл алаңдарда бизнестің 631 проблемалық мәселесі қаралды.

Негізгі бағыттардың қатарында – артық және қайталанатын нормаларды жоюға және әкімшілік жүктемені азайтуға бағытталған бизнеске қойылатын міндетті талаптардың тізілімін қалыптастыру болып табылады. Реттеуші актілерге талдау жүргізіледі және жасанды интеллект технологияларын қолдану пысықталады.

Мемлекеттік қолдау бөлігінде 2025 жылы 365 млрд теңгеге 3 400-ге жуық жоба субсидияланды, «Өрлеу» бағдарламасы аясында 588 млрд теңгеге 2 300-ге жуық жоба қолдау тапты. Сондай-ақ, кепілдікті қолдау тетіктері іске асырылуда және ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Іскер аймақ» бағдарламасы іске қосылды.

Ерлан Сағынаев баяндама соңында мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылын одан әрі күшейту және диалог алаңдары жұмысының тұрақты форматы елдегі кәсіпкерліктің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

 
 

 

 
 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-ekonomika-karzhy/press/news/details/1207609?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

←Previous: Әдеби quiz: жас оқырмандар білімдерін дәлелдеді
Next: Шортанды ауданында респираторлық және медициналық бұйымдар өндіріледі→


ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАН

ШЫМКЕНТ

АЛМАТЫ

АСТАНА

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Келісім шарттары

Қүпия келісімдері

Қолдану ережелері

АККАУНТ

КІРУ

ЖАЗЫЛУ

“200.NEWS” ТОО “Бахытжан Копбаев Ақпарат агенттігінін” интернет-бысылымы. Тіркеу туралы куәлік №KZ77VPY00071781 Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитетімен 2024 жылғы 21 ақпанда берілген. Он сегіз жасқа толған пайданушыларға арналған портал. Материалдарды пайдалану шарттарына сәйкес қайта басып шығаруға рұқсат етіледі.

Біздің агенттігіңің телефон нөмері : +77778848811 , почтасы : info@200.news

Exit mobile version