Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапары аясында Шортанды ауданындағы «Daris Group» ЖШС өнімдерімен танысты. Компания 2021 жылы құрылған және респираторлық әрі медициналық бұйымдар өндірісімен айналысады.
«15 жұмыс орны ашылды, өндірістік қуат жылына 1 млн дана өнімге дейін жетеді. Бүгінде елдегі фтизиопульмонологиялық орталықтардың 80%-ын медициналық респираторлармен қамтамасыз етіп отырмыз, сондай-ақ дезинфекциялық және медициналық майлықтар, наркотесттер шығарамыз», – деді компанияның тең құрылтайшысы Чингиз Урынбасаров.
Кәсіпорын кеңеюге дайындалуда. Өнеркәсіптік респираторлар өндірісін игергеннен кейін, қосымша ілеспе өнімдер – құлақ тығындары, қорғаныш көзілдіріктер, жарық шағылыстырғыш таспа және т.б. шығару жоспарлануда.
Өңір басшысы медициналық бұйымдар саласындағы жергілікті өндірісті дамытудың маңыздылығын атап өтіп, ішкі нарықты сапалы отандық өніммен қамтамасыз етудің өзектілігін жеткізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-shortandy/press/news/details/1207608?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау