«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Атырау облысы полиция департаментінің Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасы мен Атырау қалалық жұмыспен қамту орталығы бірлесіп, бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырды. Іс-шара барысында азаматтарға полиция қызметінің артықшылықтары мен әлеуметтік жеңілдіктері туралы кеңінен түсіндірілді.
Атап айтқанда:
• ай сайынғы тұрақты еңбекақы;
• тегін медициналық көмек;
• тұрғын үйді жалға алу үшін ақшалай өтемақы;
• жыл сайын 45 тәуліктен тұратын ақылы еңбек демалысы;
• мемлекет тарапынан ипотекалық несие рәсімдеу арқылы тұрғын үй алу мүмкіндігі;
• Атырау облысы аумағында бір жыл қызмет атқарғанның еңбек өтілі жеңілдікпен бір жарым жылға есептелуі;
• зейнеткерлікке ертерек шығу құқығы;
• тегін нысанды киіммен қамтамасыз етілу.
Сонымен қатар, құқық қорғау органдарына алғаш рет қызметке кіретін азаматтар – қатардағы және кіші басшы құрам лауазымдарына мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның тестілеуінен өтпей-ақ қабылданатыны атап өтілді.
Қойылатын талаптар:
• 18 жастан 35 жасқа дейінгі;
• денсаулық жағдайы бойынша қызметке жарамды;
• орта, орта-арнаулы немесе жоғары білімі бар Қазақстан азаматтары.
Ішкі істер органдары қатарында қызмет атқаруға ниет білдірген үміткерлер төмендегі мекенжайға хабарласа алады:
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1208209?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау