Шымкентте есірткі таратушы ұсталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Профилактикалық іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері қала аумағында есірткі заттарын таратумен айналысқан ер адамның заңсыз әрекетінің жолын кесті.

Анықталғандай, күдікті психотроптық заттарды жасырын орындарға қойып кету тәсілімен өткізген.
Тексеру кезінде одан таратуға дайындалған психотроптық заттары бар 72 орама табылып, тәркіленді.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.

Полиция есірткі тарату арналарының жолын кесу бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1208210?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version