23 сәуір күні Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2026 жылғы 19 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген 2026 жылға арналған әдеп жөніндегі уәкілдердің жұмыс жоспарының 2.5-тармағын орындау аясында, Шығыс Қазақстан облысы Дін істері басқармасының өкілінің қатысуымен құрылымдық және аумақтық бөлімшелермен семинар-кеңес ұйымдастырып, өткізді.
Семинардың мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ұйымдардың қызметіне тартылуының алдын алу.
Семинар барысында деструктивті діни ағымдардың қауіптілігі және олардың алдын алу жолдары талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша туындаған сұрақтарға түсіндірмелер берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-vko/press/news/details/1207760?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау