Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әдеп нормаларын сақтау, құқықтық мәдениетін арттыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әдеп нормаларын сақтау, құқықтық мәдениетін арттыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары мен уәкілетті органдардың жоспарлы тапсырмалары аясында ұйымдастырылды.
Кездесу барысында қатысушыларға мемлекеттік қызмет саласындағы өзекті өзгерістер, қызметтік әдеп қағидаларын ұстану, қызметтен тыс мінез-құлық мәдениеті, сондай-ақ заң бұзушылықтардың алдын алу мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияның қоғамға тигізетін кері әсері, оның алдын алу жолдары туралы да ақпарат берілді.
Жиынға арнайы шақырылған заң саласының мамандары мен теология бағытындағы сарапшылар мемлекеттік қызметшілерге дін саласындағы зайырлылық қағидаларын сақтау, қызмет барысында діни көзқарастарды араластырмау, сондай-ақ әріптестер арасында өзара құрмет пен түсіністік орнату қажеттігін атап өтті.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асырудың негізгі бағыттары, алдын алу тетіктері және әрбір қызметшінің жеке жауапкершілігі туралы да сөз қозғалды. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты әрі мазмұнды жауаптар алды.
Мұндай кездесулер мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыруға, заң талаптарын қатаң сақтауға және қоғам алдындағы жауапкершілігін нығайтуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-memlekettik-satyp-alu/press/news/details/1207759?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version