«Дүниежүзілік безгекпен күрес күні және безгек ауруы бойынша эндемиялық елдерге баратын туристерге арналған нұсқаулар туралы»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

25- сәуірде жыл сайын Дүниежүзілік безгекпен күрес күні өткізіледі. 2026 жылы бұл күн «Безгекті тоқтатуға ұмтылыс: енді біз қол жеткізе аламыз. Енді біз керекпіз» атты ұранымен өтеді.

Дүниежүзілік безгекпен күрес күнінің негізгі мақсаты – жүз мыңдаған адамның өмірін қиған аурумен күресу қажеттігіне назар аудару.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрі – ДДҰ) деректері бойынша безгек әлем халқының 40% -ына қауіп төндіруді жалғастыруда. Салыстырмалы тұрақтылық кезеңінен кейін ауру жағдайлары санының өсуімен сипаттала отырып, безгек бойынша әлемде эпидемиологиялық жағдай шиеленіскен күйінде қалып отыр. 2024 жылы бүкіл әлемде 282 миллион безгек оқиғасы тіркелді, оның ішінде 610 000 өлім-жітіммен аяқталды, бұл 2022 жылмен салыстырғанда шамамен 33 миллионға көп және 2000 өлім-жітім оқиғасы артқан. Аурушаңдық пен өлім-жітім жағдайларының шамамен 92-95% -ы Африка өңіріне келеді.

Шығыс Қазақстан облысының аумағы климаттық ерекшеліктерге, анофелогенді суқоймалары мен безгек қоздырғыштарын тасымалдаушы сары масалардың болуына байланысты безгек ауруының таралуы бойынша орташа топқа жатады. Алыс және жақын шетелдерден келген туристер, маусымдық жұмысшылар, еңбек мигранттары, қонысаударушылар безгекті еліміздің аумағына әкелген жағдайда аурудың жергілікті жағдайлары тіркелуі мүмкін. Облыс аумағында безгек ауруының соңғы жергілікті жағдайы 1964 жылы, ал сырттан әкелінген (Конго Демократиялық Республикасынан) соңғы жағдай 2024 жылы облысымыздың Өскемен қаласында тіркелген.

Егер Сіз демалысыңызды Африка, Египет, басқа да алыс және жақын шетелдерде өткізуді жоспарласаңыз немесе жұмыс бабымен баратын болсаңыз осы елдерде тропикалық аурулар мен безгек ауруын жұқтыру қауіпі бар екенін естен шығармаған жөн.

Безгек- жіті паразитарлық аурушаңдық, безгекті қарапайымдылардың плазмодий түрлері тудырады, Anopheles масалары арқылы таралады, ұстамалы қызба, мерзімдік қалтырап тоңу мен дене қызуының көтерілуі, денені тер басу, қан аздылықпен, бауыр және көк бауырдың үлкеюімен сипатталады.

Празиттің түріне байланысты аурудың жасырын кезеңі 8-30 күнді құрайды, инкубациялық мерзім 6 айдан 3 жылға дейін созылуы мүмкін.

Безгек қоздырғышының бірнеше түрі болады, соның ішінде тропикалық безгек өте ауыр түрдк өтеді, дер кезінде ем қабылдамаса науқас адамның миына зақым келіп, өліп кетуі мүмкін.

Безгек адамнан адамға жұқпайды, тек жұқпаның көзі (науқас адам), безгек тарататын масалар және қолайлы климаттық жағдай болғанда ғана безгек ауруының жергілікті жағдайлары тіркеледі, сондықтан науқасты ерте анықтау, оның ауруынан тез айығуына және аурудың таралуына жол беремеу болып табылады.

Безгекті өздігінен емдеуге болмайды. Аурудың клиникалық белгілері болса немесе оған күдіктенген жағдайда дереу медициналық көмекке жүгініп, қанды безгекке тексерту қажет.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті безгек ауруы кең таралған эндемиялық елдерге баруы туралы шешім қабылдаған барлық азаматтарға мынаны ескертеді: осы елдерге барар алдында міндетті түрде емдеуші дәрігерге қаралып, безгекке қарсы қолданылатын химиялық препараттардың мөлшері мен қабылдау тәртібі жөнінде кеңес алып, қолдану нұсқамасын қатаң сақтау қажет. Безгекке қарсы химиялық препараттарды эндемиялық елдерге бармас бұрын 1 апта бойы, сол елде болған кезде және елге оралғаннан кейін 4 апта бойы үзбей қабылдау керек. Безгектен қорғанудың ең қарапайым жолы- масаның шағуына жол бермеу, сондықтан оны денеге жолаптпайтын репеллентерді өзіңмен бірге алуды ұмытпау керек.

Назар аударамыз, «жылы» тропикалық елдерден оралған туристер, денсаулығы сыр берген жағдайда (басы ауырып, дене қызуы көтерілсе) тез арада тұрғылықты жері бойынша медициналық көмекке жүгінуі қажет. Диагнозды нақтылап, қажетті зертханалық зерттеулеу жүргізу үшін міндетті түрде безгек ауруы бойынша эндемиялық елден келгендігі туралы хабарлауы тиіс.

Безгек ауруы бойынша эндемиялық елдерден облыс аумағына тұрақты көшіп келген азаматтар безгек ауруына тексерілуі қажет.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-vko/press/news/details/1207784?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version