Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмысы жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Қостанай ауданы Жданов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мақсатында түсіндіру жұмысы өткізілді.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының негізгі талаптары түсіндіріліп, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары және құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ адалдық, ашықтық және есептілік қағидаттарын сақтау қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Қатысушыларға қызметтік міндеттерді адал атқару, қызметтік өкілеттіктерді жеке мақсатта пайдалануға жол бермеу және қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін арттырудың маңыздылығы түсіндірілді.

Мұндай іс-шаралар мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-zhdanov/press/news/details/1207786?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version