ІІО-дағы гендерлік саясат жобасы аясында әйел қызметкерлерге арналған тренинг өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ІІО-дағы гендерлік саясат жобасы бойынша іс-шаралар жоспарының 10-тармағын орындау мақсатында әйел қызметкерлердің қатысуымен «Өзіңді қабылдау және күйзелісті басқару, тиімді шешім қабылдау және ұжымдық қарым-қатынасты жақсарту» тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қызметкерлердің кәсіби және жеке психоэмоционалдық тұрақтылығын арттыру, стресстік жағдайларды басқару дағдыларын дамыту, сондай-ақ ұжым ішіндегі өзара сенім мен тиімді коммуникацияны нығайту болып табылады.

Тренинг барысында қатысушыларға өзін-өзі бағалау деңгейін арттыру, эмоцияны басқару, күйзелістің алдын алу және күрделі жағдайларда тиімді шешім қабылдау әдістері бойынша теориялық және практикалық ақпараттар берілді. Сонымен қатар топтық жаттығулар мен ситуациялық тапсырмалар орындалып, қызметкерлердің өзара әрекеттесу дағдылары жетілдірілді.

Іс-шараны ПД АжКДБ ЕТЖ аға инспектор-психологы, полиция аға лейтенанты Қ. Баймбетова және ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының келіссөз жүргізу бағытындағы аға инспектор-психологы, полиция майоры Д. Панова өткізді.

Тренинг соңында қатысушылар кері байланыс беріп, мұндай іс-шаралардың қызметтік ортадағы психологиялық ахуалды жақсартуға және кәсіби тиімділікті арттыруға оң әсер ететінін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1208370?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version