Инфрақұрылымның орнықтылығын арттыруға арналған гранттар алу мүмкіндігі: италиялық NBS-IA бастамасы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өңірлік экологиялық саммит (ӨЭС-2026) аясында «Инфрақұрылымның орнықтылығын арттыруға арналған гранттар алу мүмкіндігі: италиялық NBS-IA бастамасы» атты сессия өтті.

Сессия Италия Үкіметі мен Италияның Қоршаған орта және энергетикалық қауіпсіздік министрлігінің қолдауымен, сондай-ақ бастаманы іске қосқан халықаралық серіктестердің қатысуымен ұйымдастырылды.

Сессия барысында бүгінгі таңда көлік, энергетика, су және қалалық инфрақұрылым сияқты стратегиялық маңызы бар нысандардың орнықтылығы елдердің ұзақ мерзімді әрі тұрақты дамуының негізгі факторларының біріне айналғаны атап өтілді.

Орталық Азия өңірі үшін бұл мәселе ерекше маңызға ие. Географиялық және климаттық ерекшеліктерге байланысты өңірде қазірдің өзінде күшейіп келе жатқан тәуекелдер байқалуда: мұздықтардың еруі, су ресурстарының тапшылығы, құрғақшылық пен су тасқындарының жиілеуі, сондай-ақ жердің тозуы. Бұл үдерістер инфрақұрылымның жұмыс істеуіне тікелей әсер етіп, оның осалдығын арттырып, экономикалық шығындарды көбейтеді.

Осындай жағдайда тек туындаған мәселелерге жедел әрекет ету ғана емес, сонымен қатар инфрақұрылымның ұзақ мерзімді орнықтылығын қамтамасыз ететін алдын ала, жүйелі шешімдер әзірлеу міндеті тұр.

NBS-IA бастамасы өңір үшін уақтылы әрі стратегиялық тұрғыдан маңызды құрал болып табылады.

Бұл бастаманың маңыздылығы тек табиғи-бағдарланған шешімдер тұжырымдамасын ілгерілетуде ғана емес, сонымен қатар оларды нақты іске асыру тетіктерін қалыптастыруда. Атап айтқанда, гранттық қаржыландырудан бастап жобаларды техникалық сүйемелдеуге дейінгі толық қолдау экожүйесін құру, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту және шешім қабылдауға арналған талдамалық негіз қалыптастыру көзделген.

Ерекше атап өтілгендей, бастама инновациялық сипатымен қатар, практикалық тұрғыдан іске асыруға болатын, нақты нәтижесі бар жобаларды іріктеуге бағытталған. Бұл өңір елдерінде ауқымды түрде енгізуге болатын және жергілікті ерекшеліктерге бейімделетін шешімдердің пайда болуына мүмкіндік береді.

Орталық Азия үшін бұл инфрақұрылымның орнықтылығын арттырумен қатар, инвестиция тартуға, жергілікті сараптаманы дамытуға және табиғи ресурстарды басқарудың заманауи тәсілдерін енгізуге жаңа мүмкіндіктер ашады.

Өңір елдері бұл бастаманы өңірлік ынтымақтастықты нығайтудың маңызды элементі ретінде қарастырады. Елдер, халықаралық ұйымдар, ғылыми қауымдастық және бизнес арасындағы бірлескен жұмыс ауқымды сын-қатерлерге жауап беретін кешенді шешімдер әзірлеуге мүмкіндік береді.

NBS-IA бастамасын іске асыру өңірде табиғи-бағдарланған шешімдерді инфрақұрылымдық дамуға тиімді интеграциялаудың нақты үлгісіне айналатын табысты жобалар портфелін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Барлық күш-жігерді біріктіру арқылы ғана біз инфрақұрылымның орнықтылығын қамтамасыз етіп, оның климаттық өзгерістерге бейімделуін арттырып, елдеріміздің қауіпсіз әрі тұрақты дамуына жағдай жасай аламыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1207845?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version