Көкшетауда алғаш рет төрт облыстың полиция қызметкерлері арасында өңіраралық зияткерлік турнир өтті.
“Әділетті полицей” республикалық акциясы аясында ұйымдастырылған зияткерлік ойын Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Ақмола облыстарының полицейлерін біріктірді.
Қатысушылар кәсіби дайындықтың жоғары деңгейін, сонымен қатар эрудицияны, логикалық ойлауды және командалық бірлікті көрсетті. Қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, қызметті білу, сондай-ақ жалпы эрудицияны қамтитын бірнеше раундта бақ сынасты.
Турнирдің негізгі мақсаты — қызметкерлердің зияткерлік әлеуетін дамыту, өңіраралық өзара іс-қимылды нығайту және ішкі істер органдарының оң имиджін қалыптастыру болды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, құқықтық сананы арттыруға және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілікке ерекше назар аударылды.
Ойын қорытындысы бойынша Ақмола облысы полиция департаментінің командасы жеңімпаз атанды.
Екінші және үшінші орынды Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының қатысушылары жеңіп алды.
Мұндай іс-шараларды өткізу қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыруға, заңдылық мәдениетін және “Заң және тәртіп” қағидаттарын қалыптастыруға ықпал етеді, сондай-ақ қоғамның полицияға деген сенімін нығайтады, деп атап өтті ұйымдастырушылар.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1207906?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау