Маңғыстау облысында сүзгілік бақылау бекеттері жұмысын жалғастыруда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысының аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарында бақылаудың жаңа форматы – сүзгілік бақылау бекеттері енгізіліп, өз жұмысын жалғастыруда.

Аталған бекеттердің негізгі мақсаты – жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттыру, жол қозғалысы ережелерінің қатаң сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған профилактикалық шараларды күшейту.

Сүзгілік бақылау бекеттерінде полиция қызметкерлері көлік құралдарының техникалық жағдайын, жүргізушілердің қажетті құжаттарының болуын, қауіпсіздік белдіктерін пайдалану талаптарының сақталуын және жол қозғалысы ережелерінің орындалуын тексереді. Сонымен қатар мас күйінде көлік басқару, жылдамдықты асыру және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылуда.

Патрульдік полиция қызметкерлері мен тиісті бөлімшелер кешенді тексеру жұмыстарын жүргізіп, жол қозғалысына қатысушылармен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын атқаруда.

Бұл бастама жол қозғалысы мәдениетін қалыптастыруға, жүргізушілердің жауапкершілігін арттыруға және өңірдегі жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған маңызды шаралардың бірі болып табылады.

https://www.instagram.com/reel/DXg3CmmDB1H/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1208437?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version