Заң мен Тәртіп — болашақтың негізі: ШҚО-да ауқымды құқықтық форум өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Заң мен Тәртіп — болашақтың негізі: ШҚО-да ауқымды құқықтық форум өтті

2026 жылғы 24 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында «Заң және Тәртіп» жобасын іске асыру аясында «Заң мен тәртіп — қауіпсіз және тәрбиелік білім беру ортасының негізі» тақырыбында облыстық құқықтық форум өтті.

Ауқымды шараға прокуратура, Полиция департаменті, мемлекеттік органдар мен білім беру жүйесінің өкілдері, сондай-ақ педагог қызметкерлер қатысты. Жиынға барлығы 350-ге жуық адам қамтылды.

Форумның басты мақсаты — білім алушылардың құқықтық мәдениетін, заңға бағынушылық мінез-құлқын және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелерінде білім беру ұйымдары, құқық қорғау органдары мен жұртшылық арасындағы өзара іс-қимылды нығайту
болды.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің атынан Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Нұрлан Жарлығақов сөз сөйлеп, алдын алу жұмыстарындағы кешенді тәсілдің маңыздылығына тоқталды. Өз баяндамасында ол ерте жастан құқықтық тәрбие беру және ведомствоаралық тығыз байланыстың қажеттілігіне баса назар аударды.

Форум барысында қатысушылар озық тәжірибелерімен бөлісіп, білім беру ортасында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылады және тәрбие жұмысының тиімді тетіктерін әзірледі.

Мұндай іс-шараларды өткізу қоғамда орнықты құқықтық ортаны қалыптастыруға және заңдылық принциптерін нығайтуға септігін тигізеді.

ШҚО ДП баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1208438?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version