«Заң мен тәртіп – қауіпсіз әрі тәрбиелік білім беру ортасының негізі» тақырыбындағы облыстық құқықтық форум

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылы 24 сәуір «Заң және тәртіп» жобасын іске асыру аясында облыс әкімінің орынбасары Нұрғалиев Ербол Жолдасбекұлының қатысуымен «Заң мен тәртіп – қауіпсіз әрі тәрбиелік білім беру ортасының негізі» тақырыбында облыстық құқықтық форум өтті.

Іс-шара білім алушылардың құқықтық мәдениетін, заңға бағынушылық мінез-құлқын және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру арқылы қауіпсіз, құқықтық және тәрбиелік білім беру ортасын құру мен нығайтуға, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерінде білім беру ұйымдары, құқық қорғау органдары және қоғам өкілдерінің күш-жігерін біріктіруге бағытталды.

Форумның мақсатты аудиториясын облыстық басқармалар басшылары, білім беруді басқару органдарының өкілдері, құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері қатысты. Іс-шараның жалпы қамтылуы 350 адамды құрады.

Форумды өткізу қатысушылардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға, білім беру ортасында заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысты тәсілдерді біріздендіруге, сондай-ақ білім беру ұйымдары, құқық қорғау органдары және мемлекеттік құрылымдар арасындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етті.

Іс-шара барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу саласындағы озық тәжірибемен алмасу қамтамасыз етіліп, білім алушылардың заңға бағынушылық мінез-құлқын және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік жұмыстың тиімді тетіктері әзірленді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1208166?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version