24.04.2026 ж. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінде (бұдан әрі — Департамент) жұмыс берушінің қызметін декларациялау шеңберінде, «Алматы кәсіподақтар одағы» аумақтық бірлестігінің өкілі — бас техникалық инспектор А.Д. Сейдалиевтың қатысуымен «Семсер Өрт Сөндіруші» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (ары қарай — ЖШС, Жұмыс беруші) 3 жыл мерзімге Сенім сертификаты табысталды.
Бұған дейін ЖШС Департаментке Сенім сертификатын алу туралы өтінішпен жүгінген. Жұмыс беруші ұсынған материалдар негізінде Департаментпен белгіленген критерийлер (көрсеткіштер) бойынша салыстыру жолымен ЖШС қызметінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарына сәйкестігіне бағалау жүргізілді. Жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша комиссия шешімімен «Семсер Өрт Сөндіруші» ЖШС-ң қызметі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес деп танылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-enbek/press/news/details/1208165?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау