Астана халықаралық қаржы орталығында Астана халықаралық қаржы орталығы басшылығы мен Оман Сұлтандығы делегациясының кездесуі өтті. Делегацияны экономика мәселелері жөніндегі Премьер-министрдің орынбасары Тейязин бин Хайтам Әл Саид басқарды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тараптар қаржы секторының негізгі бағыттары бойынша серіктестікті одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Олардың қатарында исламдық қаржы, капитал нарықтары, активтерді басқару және тұрақты қаржыландыру салалары бар.

Ерекше назар жасыл қаржыландыру саласындағы бірлескен бастамаларға, сондай-ақ екі ел институттары арасындағы кәсіби құзыреттерді дамыту мен тәжірибе алмасуға аударылды.

Астана халықаралық қаржы орталығы мен Оманның серіктестері халықаралық алаңдарға қатысу, жұмыс сапарлары және сараптамалық диалогтар арқылы өзара іс-қимылды жүйелі түрде кеңейтіп, жаңа бірлескен жобалар үшін негіз қалыптастыруда.

Талқыланған бағыттардың қатарында Оманның халықаралық қаржы орталығымен ынтымақтастықты дамыту және Таяу Шығыспен инвестициялық өзара іс-қимыл үшін қосымша мүмкіндіктер зор.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-muscat/press/news/details/1208526?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version