По случаю праздника «Наурыз мейрамы» состоялась благотворительная акция для воспитанников Детского дома г.Минска

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Минск, 2026 жылғы 24 сәуір – Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігі Минск қаласындағы №5 балалар үйінде «Наурыз мейрамы» қайырымдылық акциясын өткізді.

Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі Тимур Жақсылықов өз сөзінде Наурыздың Шығыс халықтарының қоғамдық және мәдени өміріндегі ерекше рөлін белгілеп, Қазақстан үшін түрлі этностардың өкілдерін біріктіретін, достық пен ұлтаралық келісім рухын нығайтатын көктем мен жаңару мерекесінің ерекше маңызын атап өтті.

Іс-шара аясында балалардың назарына қазақ халқының салт-дәстүрінен үзінді көрсетілді.

Концерттік бағдарлама барысында балалар үйінің педагогы мен тәрбиеленушісінің орындауында Қазақстан-Беларусь достығы Әнұраны шырқалды, «Контрасты» балалар үйінің тәрбиеленушілерінің хореографиялық ансамблі, «Деварт» эстрадалық-спорттық би ұжымы өнер көрсетті. «Достар» қазақ қоғамының төрағасы Марианна Сәуленбекқызының орындауында А.Сейітовтың «Ауылым» және М.Құраловтың «Бұлқынды жүрек» әндері шырқалды.

Балалар үйінің түлектерінің қатысуымен көрсетілген «Қыз ұзату» көне үйлену рәсімі жарқын оқиғаға айналды.

Балалар үйінің тәрбиеленушілері мен қонақтары үшін ұлттық ойындарға арналған интерактивті алаң ұйымдастырылды.

Мерекелік іс-шара соңында дәстүрлі дастархан жайылды. Мерекелік дастарханның басты тағамы отта үлкен қазанда дайындалған палау болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-minsk/press/news/details/1208527?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version