Астанада ауыр салмақты автокөліктерді бақылау кезінде бағынбау және заң бұзушылық фактілері анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласы аумағында ауыр салмақты автокөлік құралдарының қозғалысын бақылау бойынша бірлескен іс-шаралар аясында көліктік бақылау инспекциясы мен полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбау фактілері тіркелді.

2026 жылғы 12 сәуірде Астана қаласының айналма жолында Shacman маркалы екі жүк самосвалының жүргізушілері салмақтық бақылаудан өтуден бас тартып, «АРЕ» ЖШС өкілінің нұсқауы бойынша жолдың жүру бөлігіне топырақты әдейітөгіп, инспекция және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына белсенді түрде қарсылық көрсетті. Оқиғаға қатысқан барлық тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде артық жүк тиегені үшін салынған айыппұлда бар.

2026 жылғы 14 сәуірде осындай іс-шаралар барысында «Shacman» маркалы үш самосвал көліктік бақылау инспекторларының талаптарына бағынбады. Полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің нәтижесінде көлік құралдары тоқтатылып, өлшеу рәсіміне жіберілді. Тексеру барысында рұқсат етілген салмақ нормаларының асып кеткені анықталып, әкімшілік айыппұл салынды.

Сот шешімімен барлық 7 құқық бұзушы 15-тен 18 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынып, артық жүк тиегені үшін айыппұл салынды. Сондай-ақ көлік құралдары коммуналдық айып тұрағына қойылды.

Ауыр салмақты көлік құралдарынабелгіленген нормаларды бұзуға жол бермеу бойынша бақылау іс-шаралары жалғасуда.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі жүк самосвалдарының иелерін Қазақстан Республикасында белгіленген салмақ нормаларының талаптарын сақтауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1208586?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version