Көлік министрі Zhetysu терминалы жобасының іске асырылу барысымен танысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің Алматы қаласына жұмыс сапары аясында барған нысандарының бірі Zhetysu терминалы болды. Ведомство басшысы аталған жобаның іске асырылу барысымен танысты.

Нысанды аралау барысында жобаның жүзеге асырылуының қазіргі жағдайы туралы баяндамалар тыңдалды. Терминал «Kazakh-Chinese Trade and Logistics Company (Almaty) Ltd.» бірлескен кәсіпорны арқылы «Кедентранссервис» АҚ және Xi’an Free Trade Port компаниясының қатысуымен жүзеге асырылуда.

Жобаның құны 62,1 млн АҚШ долларын құрайды, жобалық қуаты – жылына 115 мың ЖФЭ.

Бүгінде негізгі инфрақұрылымның құрылысы аяқталып, заманауи TOS-жүйесі енгізілді, тиеп-түсіру техникасы жеткізілді, сондай-ақ уақытша сақтау қоймасының мәртебесі алынды. Сонымен қатар рұқсат беру құжаттарын рәсімдеу және мемлекеттік сараптамадан өтуге дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Нысанды аралау қорытындысы бойынша министр барлық рәсімдерді уақтылы аяқтап, нысанның іске қосылуға толық дайын болуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Терминалды пайдалануға беру 2026 жылғы мамырға жоспарланған.

Жобаны іске асыру елдің транзиттік әлеуетін арттыруға және Қазақстанның өңірдегі негізгі логистикалық хаб ретіндегі позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1208659?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version