Консулдық қызметтерге арналған жаңа ЖИ чат-бот Telegram-да іске қосылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті пайдаланушылар!

Сіздерге Telegram мессенджерінде (@mfa_rk_bot) консулдық және мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша кеңес беруге арналған жаңа ЖИ чат-боттың іске қосылғаны туралы хабарлаймыз.

Бот ақпаратты тиімді әрі жедел тарату мақсатында әзірленген. Қазіргі уақытта жүйе сынақ режимінде жұмыс істейді, сондықтан оны одан әрі жетілдіру үшін сіздердің пікірлеріңіз біз үшін өте маңызды.

Сіздердің пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз мыналарға:
– жауаптардың дәлдігін арттыруға;
– функционалдық мүмкіндіктерді кеңейтуге;
– сервисті пайдаланушылар үшін барынша қолайлы етуге мүмкіндік береді.

Пікірлер мен ұсыныстарды келесі электрондық пошта мекенжайына жолдауыңызды сұраймыз: ai_chatbot@mfa.kz.

Сіздерді чат-ботты тестілеуге қатысуға шақырамыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-muscat/press/news/details/1208521?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version