Қазақстан мен Оман инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 20 сәуірде Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшісі Айдарбек Тұматов Оман Сұлтандығы Инвестициялық қорының президенті Әбдүсаләм Әл-Мүршидимен кездесу өткізді.
Кездесу барысында екі ел арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, Қазақстан–Оман бірлескен инвестициялық қорын құру мәселесіне ерекше назар аударылды. Оман тарапы екіжақты экономикалық жобаларды қаржыландыру мақсатында осындай қаржы институтын қалыптастыруға қызығушылық білдірді.
Әбдүсаләм Әл-Мүршиди инвестициялық әріптестікті кеңейту үшін тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, логистика, қаржы және IT-технологиялар салаларында айтарлықтай әлеует бар екенін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-muscat/press/news/details/1208523?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version