«Сіз сияқты болғым келеді»: Абай облысының полицейлері бөбекжай бүлдіршіндеріне қауіпсіздік сабағын өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақсуат ауданының Қызылкесік ауылындағы «Еркеназ» бөбекжайында бүгін ерекше сәт болды. Ақсуат ацудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Жас тәртіп сақшысы» атты қауіпсіздік сабағын өткізді. Бұл жолы 2–3 жас шамасындағы бүлдіршіндер де ерекше ат салысып, полиция киімінде келген.

Балалар мини-жилет, қалпақ киіп, өздерін нағыз полицей сияқты сезінді. Көздеріндегі қызығушылық пен қуанышты көрген полицейлер оларға полицияның күнделікті міндеттері мен қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. Бүлдіршіндер әр сөзді жарқын қызығушылықпен тыңдап, кейбірі қолдарын көтеріп, «Мен де сіз сияқты болғым келеді!» деп қуанышпен айтып жатты.

Содан кейін іс-шара ойын түрінде жалғасты. Кішкентай полицейлер жасыл жарықта жүру, қызыл жарықта тоқтау, жол белгілерін тану сияқты қарапайым әрі көңілді ойындарды ойнады. Балалар үшін әр әрекет кішкентай жеңіс сияқты сезіліп, қауіпсіздік ережелерін ойын арқылы үйрену өте қызықты болды.

 Бүлдіршіндер өз киімінде рөлге еніп, қиялындағы тәртіп сақшысы болып ойнап, әрбір әрекеттерінде қауіпсіздікті сақтау ережелерін меңгеруге тырысты.

Осылайша, «Жас тәртіп сақшысы» жобасы бөбекжайдағы 2–3 жасар балаларға тәртіп сақшы болу қызығын сездіріп, қауіпсіздік ережелерін ойнай отырып үйренуге баулыды. Бүлдіршіндер бүгінгі кездесуден ұмытылмас әсер алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1208500?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version