Абай облысы Полиция департаменті 2026–2028 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар» аясында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі шараларды жүзеге асыруда.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 1-тоқсанында 63 есірткі құқықбұзушылығының жолы кесілді, осылайша есірткі құралдарының одан әрі таралуына жол берілмей, жаңа тұлғалардың, оның ішінде жастардың заңсыз айналымға тартылу қаупі жойылды.
Заңсыз айналымнан 50 келіден астам түрлі есірткі құралдары мен психотроптық заттар тәркіленді, бұл олардың халық арасында таралуына жол бермей, азаматтардың денсаулығына төнетін ауыр зардаптардың алдын алуға мүмкіндік беруде.
Жыл басынан бері есірткі айналымына қатысы бар 18 тұлғаның қылмыстық әрекеті тоқтатылды. Аталған тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, осылайша өткізу арналары жойылып, тыйым салынған заттардың әрі қарай таралуына жол берілмеді.
Абай облысы Прокуратурасының үйлестіруімен облыс аумағына есірткінің бір жеткізу арнасы жойылды, сондай ақ Семей қаласында ҰҚК бірлесіп 2 фитозертхана анықталды.
«Антифрод» ақпараттық жүйесі арқылы 722 есірткі сайты және 120 дропкарталары бұғатталып 1 030 794 теңгеге тосқауыл қойылды.
Алдын алу профилактикалық жұмыстары аясында 207 іс-шара өткізілді. Қазіргі уақытта наркологиялық қызметтің есебінде 382 есірткі тұтынушы тіркелген.
Жалпы алғанда, жүргізіліп жатқан жұмыс құқықбұзушылықтардың алдын алуға, есірткі қылмысының деңгейін төмендетуге және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Полиция алдын алу қағидаты бойынша әрекет етеді.
Заң мен тәртіп  жүйелі қамтамасыз етілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1208499?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version