Абай облысы Полиция департаментінің Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Семей қаласындағы №29 «Пальмира» жалпы білім беретін мектебінде жасөспірімдерге арналған қауіпсіздік сабағын ұйымдастырды. Бұл іс-шара оқушыларды маңызды әлеуметтік мәселелер бойынша ақпараттандыруға және олардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.
Кездесу аясында АИТВ/ЖИТС инфекциясының алдын алу мәселелері де қаралды. Полиция мамандары мен Семей қаласының наркологиялық бөлімінің, сондай-ақ Абай облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес орталығының өкілдері оқушыларға өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын түсіндіріп, бір сәттік шешімнің өмірге әсерін нақты мысалдар арқылы жеткізді.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Оқушылар белсенділік танытып, сұрақтар қойып, өз ойларын бөлісті. Полиция қызметкерлері әрбір сұраққа нақты әрі түсінікті жауап берді, жасөспірімдердің ақпараттық сауаттылығын арттыруға күш салды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1208498?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау