Учаскелік полиция инспекторы – әрбір ауыл мен ауданның тыныс-тіршілігіне жауап беретін, қоғамның қауіпсіздігін күнделікті қамтамасыз ететін кәсіби маман. Қызметінің мәні тек құқық бұзушылықтарды тіркеу мен қадағалаудан тұрмайды. Инспектор тұрғындармен тығыз байланыста болып, профилактикалық жұмыстар жүргізеді, әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектеседі және қоғамдық тәртіпті сақтауға ат салысады.
Учаскелік инспектордың еңбегі – қоғам мен тұрғындардың арасындағы сенімдің көпірі. Ол қауіпсіз орта қалыптастыру үшін адал еңбек етіп, әрбір тұрғынның тыныштығы мен амандығын бірінші орынға қояды. Қоғамдық тәртіп пен заңдылықты сақтау – оның өмірлік миссиясы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1208502?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау