3D технологиясы басты назарда: Алматыда травматологтар мен ортопедтер қоғамының отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 24 сәуірде №4 қалалық клиникалық аурухананың конференц-залында Қазақстан травматологтар және ортопедтер қауымдастығы (ҚТОҚ) Алматы филиалының отырысы өтті. Жиынға Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстарынан келген мамандар қатысып, клиникалық тәжірибеге 3D-технологияны енгізу мәселелерін талқылады.

Отырыс ҚТОҚ Алматы филиалының төрағасы Тезекбаев Қанат Марденұлының төрағалығымен өтіп, «Травматология мен ортопедияда 3D-технологияларды қолдану» тақырыбына арналды.

Талқылаудың негізгі бағыты – бүгінде ревизиялық эндопротездеуде, жарақат салдарын емдеуде және сүйек онкологиясында кеңінен қолданылып келе жатқан жеке тапсырыспен дайындалатын импланттар болды. Сонымен қатар қазақстандық мамандардың Ресей, Қытай және Гонконгтағы халықаралық ғылыми орталықтармен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейтіні атап өтілді. Бұл заманауи технология мен озық шешімдерді қолдануға мүмкіндік береді.

Ғылыми бағдарлама аясында келесі баяндамалар ұсынылды:
* Арсен Қанатұлы – жамбас-сан буынының ревизиялық эндопротездеуінде жеке импланттарды қолдану туралы;
* Жібек Маханова – жалған буынды емдеуді 3D-модельдеу арқылы жоспарлау жөнінде;
* Пысанова Жанат Өмірзаққызы – сүйек ісіктерін емдеуде 3D-модельді қолдану туралы;
* Федотов Андрей Анатольевич – кәсіби талқылауға негіз болған клиникалық жағдайларды бөлісті.

Клиникалық жағдайды цифрлық құралдар арқылы аудиторияның қатысуымен интерактивті форматта талқылау ерекше қызығушылық тудырып, мамандардың белсенді қатысуын арттырды.

Отырысқа құрметті қонақ ретінде қатысқан Корнилов Николай Николаевич остеонекроз бен гонартрозды ажырата диагностикалау мәселелері бойынша баяндама жасады.

Ғылым мен тәжірибенің сабақтастығына да ерекше мән берілді: клиника базасында С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ травматология және ортопедия кафедрасы жұмыс істейді. Бұл жас мамандарды ғылыми қызметке тартуға мүмкіндік береді.

Отырыс Қазақстандағы травматология мен ортопедия саласының жоғары деңгейде дамып келе жатқанын көрсетіп, клиникалық тәжірибеге 3D-технологияны енгізудің тұрақты үрдіске айналғанын айқындады. Қатысушылар медициналық көмектің сапасын арттыруда өңіраралық және халықаралық кәсіби ынтымақтастықтың маңызын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-densaulyk/press/news/details/1208745?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version