Алматыда бір айдаршықты эндопротездеу бойынша шеберлік сабағы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 24 сәуірде №4 қалалық клиникалық ауруханада ортопедия саласындағы жетекші ресейлік маман, профессор Корнилов Николай Николаевичтің қатысуымен «Бір айдаршықты протездерді орнату техникасының ерекшеліктері» тақырыбында арнайы шеберлік сабағы өтті.

Профессор Корнилов – Р.Р.Вреден атындағы травматология және ортопедия ұлттық медициналық зерттеу орталығының №17 травматология-ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі – «Сан және жіліншік сүйектерінің айдаршығындағы остеонекроз: гонартрозбен салыстырмалы диагностика жүргізудің ұтымды тәсілдері және емдеу» тақырыбында баяндама жасады.

Шеберлік сабағы аясында қатысушылар келесі мәселелерді:
* тізе буыны зақымдануын диагностикалаудың заманауи тәсілдері;
* бір айдаршықты эндопротездеуге пациенттерді іріктеу критерийлері;
* бір айдаршықты протездерді орнатудың техникалық қырлары;
* жиі кездесетін қателіктер және олардың алдын алу жолдары сияқты тақырыптарды жан-жақты қарастырды.

Практикалық бөлім барысында мамандар хирургиялық техниканың маңызды тұсын талқылады. Атап айтқанда, компонентті дұрыс орналастыру, жұмсақ тіндердің тепе-теңдігін сақтау және импланттың ұзақ қызмет етуін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар Қазақстанда бір айдаршықты эндопротездеуді дамыту перспективалары да сөз болды. Бұл бағыттың шағын инвазивті сипаты мен жоғары функционалдық тиімдігіне байланысты қазіргі ортопедиялық көмектің маңызды бөлігіне айналып келе жатқаны атап өтілді.

Халықаралық деңгейдегі маманның қатысуымен өткен шеберлік сабағы кәсіби тәжірибе алмасудың жоғары деңгейде екенін және қазақстандық дәрігерлердің озық хирургиялық технологияны енгізуге ұмтылысын көрсетті. Мұндай білім беру форматы дәрігерлердің біліктілігін арттырып, елдегі ортопедиялық қызметтің одан әрі дамуына ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-densaulyk/press/news/details/1208744?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version