2026 жылғы 24 сәуірде «Жаркент-Арасан» шипажайында жаңа «Резорт» корпусының ашылуы өтті. Ашылу салтанатына блогерлер, көптеген қонақтар және шақырылған қатысушылар келіп, іс-шараға белсенді қатысты.
«Жаркент-Арасан» шипажайы — заманауи медициналық-сауықтыру кешені. Биыл кешеннің құрылғанына 22 жыл толды. Бүгінде бұл еліміздегі жетекші бальнеологиялық орталықтардың бірі және «Алтын сапа» сыйлығының иегері.
Жаңа корпустың аумағы 3300 шаршы метрді құрайды, жоғары деңгейлі 60 бөлме ашылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-panfilov-zharkent/press/news/details/1209093?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау