Жыланды ауылдық округінде мектептің ашылғанына 95 жыл толуына орай көшелер арасындағы волейболдан жарыс ұйымдастырылды. Аталған спорттық іс-шараға ауыл тұрғындары мен жастар белсене қатысып, өзара бақ сынасты. Жарыс жоғары деңгейде өтіп, қатысушылардың спортқа деген қызығушылығы мен командалық бірлігі айқын көрініс тапты.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік ойын көрсеткен командалар арнайы дипломдармен және медальдармен марапатталды. Іс-шара барысында салауатты өмір салты насихатталып, ауыл тұрғындары арасындағы ауызбіршілік пен достық қарым-қатынас нығая түсті.
Мұндай шаралар жастарды спортқа баулып, белсенді өмір салтын қалыптастыруға және ауылдың қоғамдық өмірін жандандыруға зор үлес қосады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhylandy/press/news/details/1209091?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау