АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 21 сәуірінде Департамент басшысы, Әдеп женіндегі уәкіл Г.У. Кыстаубаеваның төрағалығымен «Мемлекетік кызметшінің әдебі мен сыбайлас жемкорлыққа қарсы мәдениет» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты – мемлекеттік кызметшілердің әдеп нормаларын сақтау деңгейін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Семинарға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Арман Болатұлы Абсиметов пен Департамент қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында Мемлекеттік органдар қызметінде процестердің ашықтығын арттыру, рәсімдерді оңтайландыру және сыбайлас жемқорлық көріністерін барынша азайту мақсатында цифрлық құралдарды енгізу мәселелері туралы пікірталас орын алды.
Сондай-ақ, А.Б. Абсиметовпен жемқорлықтың алдын алу мәселелері және Әдеп кодексінің талаптарына қатысты тереңдетілген түсінік жұмыстары жүргізіліп, қатысушылармен қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Семинар соңында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Атырау облысы Әділет департаментінің өзекті тақырыптарды қамтыған жасанды интеллект бейнероликтері арқылы ашықтықты қамтамасыз етуі тәжірибесі жоғары бағаланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1209090?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version