«Ер есімі – ел есінде»: Қарағанды облысының тұрғындары ҰОС ардагерлері туралы естеліктерімен SARYARQA телеарнасында бөлісе алады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

SARYARQA телеарнасы Қарағанды облысының әкімдігімен бірлесіп, Ұлы Отан соғысы қаһармандарының ерлігін ұлықтауға бағытталған «Ер есімі – ел есінде» акциясын өткізуде.

Әр отбасының тарихында соғыс жылдарының ауыр кезеңін бастан өткерген, Отан үшін шайқасып, Жеңісті жақындатқан ата-бабалар туралы естеліктер бар. Бүгінде сол құнды деректерді сақтап, келер ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік туып отыр.

Егер отбасыңызда ардагерлерге қатысты фотосуреттер, хаттар немесе басқа да деректер сақталған болса, олармен бөлісе аласыз. Бұл қысқаша әңгіме, естелік немесе мұрағаттық сурет болуы мүмкін — әрбір дерек маңызды.

Материалдарды келесі арналар арқылы жолдауға болады:

* электрондық пошта: kartv@saryarqatv.kz;

* Instagram — @saryarqatv;

* Facebook — Saryarqa TV.

Материалдарды қабылдау мерзімі — 11 мамырға дейін.

Анықтама телефоны: (8-7212) 41-11-25.

 

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1209409?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version