Қарағандыда жеті елдің спортшылары бас қосқан “Даланың Қуаты VI” турнирі аяқталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Қарағанды қаласында “Даланың Қуаты VI” халықаралық чемпионаты жоғары деңгейде өтті. Ауқымды спорттық шара “Қазақстан ПҰА” автономдық коммерциялық емес ұйымының президенті, нашақорлықтың алдын алу жөніндегі кеңес мүшесі Никита Полищук пен Қарағанды облысы полиция департаментінің бірлескен ұйымдастыруымен жүзеге асырылды. Турнир спорттың шекара талғамайтын, әртүрлі елдердің өкілдерін бір мақсатқа тоғыстыратын әмбебап құндылық екенін тағы бір мәрте айқындады.

     Жарысқа жеті мемлекеттен келген спортшылар қатысып, күштік спорттың түрлі бағыттары бойынша өзара бақ сынасты. Мыңға жуық номинация қамтылған дода әр қатысушыға өз мүмкіндігін көрсетуге жол ашты. Қатысушылардың жас ерекшелігі де ерекше назар аудартты: 9 жастағы жас спортшыдан бастап, 83 жастағы ардагерге дейін өнер көрсетті. Бұл – спорттың жас талғамайтынын, кез келген адам үшін қолжетімді әрі маңызды екенін дәлелдейтін айқын көрсеткіш.

     Турнир барысында бірқатар Азия рекордтары жаңартылып, қатысушылардың жоғары дайындық деңгейі мен кәсіби шеберлігі байқалды. Осылайша, жарыс нағыз чемпиондарды шыңдайтын алаңға айналды.

     Сонымен қатар “Даланың Қуаты VI” тек спорттық жетістіктермен шектелмейді. Жобаның бастамашылары Қарағанды облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесе отырып, оның тәрбиелік және профилактикалық маңызына басымдық берді. Турнир аясында салауатты өмір салтын насихаттау, жас ұрпақты зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру бағытында кешенді жұмыстар жүргізілді.

     Аталған шара спорттың тек дене шынықтыру құралы ғана емес, сонымен қатар қоғамда жауапкершілік пен дұрыс өмірлік ұстаным қалыптастырудың тиімді тетігі екенін көрсетті. Бұл – дені сау, саналы ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадам.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1209408?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version