«Еркіндік рухы» жастар құқықтары жөніндегі комиссиясы мүшесімен бірлесіп, Ұлытау облысы Білім басқармасына қарасты Жезқазған қаласы білім бөлімінің “№9 мектеп-интернаты” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне арнайы барды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔹 Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов «Еркіндік рухы» жастар құқықтары жөніндегі комиссиясы мүшесімен бірлесіп, Ұлытау облысы Білім басқармасына қарасты Жезқазған қаласы білім бөлімінің “№9 мектеп-интернаты” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне арнайы барып, тәрбиеленуші балалармен маңызды кездесу өткізді. Кездесу барысында балаларға олардың құқықтары, қауіпсіздік мәселелері, өзара сыйластық қағидаттары, сондай-ақ көмекке жүгіну мүмкіндіктері түсіндірілді. Сонымен қатар, «Заң және тәртіп», «Адал азамат» қағидаттарына және Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Конституциялық заңның негізгі ережелеріне ерекше назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-ulytau-oblysy/press/news/details/1209174?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version