«Ұлттың ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шахтинск қаласында облыстық «Ахмет оқулары» байқауының қалалық кезеңі өтті. 2026 жылғы 6 сәуір күні №7 жалпы білім беретін мектебінің базасында қазақ руханиятының көсемі, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын дәріптеуге арналған «Ахмет оқулары» байқауының қалалық кезеңі мәресіне жетті.

Байқаудың мақсаты:

Шараның негізгі межесі – 5-11 сынып оқушылары арасында Ахмет шығармаларын кеңінен насихаттау, жас ұрпақтың поэзияға деген құштарлығын ояту және сөз өнерінің құдіретін сезіндіру. Байқауға қала мектептерінен ең дарынды 15 оқушы қатысып, бақ сынасты.

Байқау жеңімпаздары:

Қазылар алқасының шешімімен төмендегі оқушылар жүлделі орындарға ие болды:

  1. «Қазақша комикстер – заман талабы» номинациясы:

І орын: Ергенова Альбина (С. Асфендияров атын. ЖББМ, жетекшісі: Ахметова У.Р.)

ІІ орын: Аленберг Анастасия (Е. Бөкетов атындағы ЖББМ, жетекшісі: Досмаханова Г.К.)

ІІ орын: Стицюра Наталья (№11 ЖББМ, жетекшісі: Кайырбекова М.К.)

ІІІ орын: Ербол Сая (Ә. Бөкейханов ат. МЛ, жетекшісі: Салимжанова Д.С.)

  1. «Балалар, оқуға бар, жатпа қарап…» номинациясы:

І орын: Жорабек Дәулет (Ә. Бөкейханов ат. МЛ, жетекшісі: Касенов Н.М.)

  1. «Көркем сөз – көңіл тілі, жалаң сөз – зейін тілі» номинациясы:

І орын: Абдиханиев Нурасыл, Есенбек Ілияс, Мажлис Нурали, Аманбеков Мейрамбек (Ә. Бөкейханов ат. МЛ, жетекшісі: Жолшибекова У.Т.)

ІІ орын: Пикуляк Валерия, Коровина Кира, Щерба Нурхамад, Моргачев Николай (№11 ЖББМ, жетекшісі: Нургазина Б.З.)

  1. «Ахмет жолын жалғаған ұрпақ» номинациясы:

І орын: Хуатхан Нұржан (Ә. Бөкейханов ат. МЛ, жетекшісі: Жолшибекова У.Т.)

«Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек, күшті болуға бірлік керек». Байқауда жеңімпаз атанған оқушыларымыз бен оларды баптаған ұстаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Шәкірттеріміздің білім шыңдарын бағындыру жолындағы қадамдарына сәттілік тілейміз.

Ахмет мұрасы – ұлт қазынасы!

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shahtinsk/press/news/details/1209176?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version