Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы тарапынан Достық үйінде 1-мамыр Қазақстан халқы бірлігі күні қарсаңында облыстағы этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, этнос өкілдері арасында қазақ тілін насихаттау, қолданыс аясын кеңейту және ұлттар арасындағы достық пен бірлікті нығайту.
Кездесу барысында өңірдегі түрлі этнос өкілдері қазақ тілінде еркін сөйлеп, өз ойларын ортаға салды. Атап айтқанда Маңғыстау облысының «Сәлем-Намасте» үнді этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшесі Вадодария Надежда Сергеевна(орыс), Маңғыстау облысы «Чосон» кәріс этномәдени бірлестігі қоғамдық бірлестігінің ардагері Маденова Раиса Ивановна (кәріс), АТКС (Ақтау технологиялық қызымет корсету колледжі) 4 курс студенті,«Ассамблея жастары» РҚБ өңірлік өкілдігінің мүшесі Садыков Мирас (лезгин) Маңғыстау облысы «Аллаяр жолы-Актау» қарақалпақ этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ибраймов Ниетбай Жолдасбаевич (қарақалпақ),Маңғыстау облысы «Алан» осетин этномәдени бірлестігі қоғамдық бірлестігінің төрағасы Туркменбаева Ольга Валерьевна (орыс). Қатысушылар мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлі,қазақ тілін үйрену жолдары мен күнделікті өмірде қолдану аясын кеңейту туралы мазмұнды баяндамалар жасады.
Іс-шарада қатысушылар арасында ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, тіл арқылы мәдениеттерді жақындастыру, өзара түсіністік пен құрметті арттыру мәселелері талқыланды.
Кездесу соңында Маңғыстау облысы ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары,Облыстық ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Әбділов Оңайбек Нұрасылұлы қорытынды сөз сөйлеп мемлекеттік тілдің қоғамдағы маңызын арттыру бағытында бірлескен жұмыстарды жалғастыру қажеттігін атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-history/press/news/details/1209623?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау