Ағымдағы жылдың 24 сәуірінде департаменттің мемлекеттік қызметшілері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ұйымдастырған, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілдерімен семинар-кеңес жұмысына қатысты.
Кеңес барысында мемлекеттік бақылау актілерін тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімінде (ТСОБТ) электрондық тіркеу, тіркеу және есепке алу субъектісінің ТСОБТ-ға мәліметтер ұсыну тәртібі, сондай-ақ енгізілген мәліметтердің дұрыстығын, тұтастығын, объективтілігін және уақтылығын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Кеңес аясында практикалық кейстер қарастырылып, нұсқама жүргізілді, сондай-ақ қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-kostanay/press/news/details/1209622?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау