«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында аумақты тазалау және абаттандыру бойынша ішкі іс-шара өткізілді.
Сенбілікке филиал басшылығы мен барлық құрылымдық бөлімдердің қызметкерлері қатысты. Бекітілген аумақтарда тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді: қоқыс жиналып, аумақ ретке келтірілді, көгалдандыру жұмыстары атқарылды, сондай-ақ инфрақұрылым нысандары жаңартылды. Бұдан бөлек, бордюрлер, қоршаулар және өрт қалқандары сырланды.
Филиал директоры Бахыт Басымбек бастаманы қолдап қана қоймай, сенбілік жұмыстарына тікелей қатысты. Өткізілген сенбілік қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тазалықты сақтау бағытындағы жүйелі жұмыстардың бір бөлігіне айналды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1209489?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау