Тауар белгісінің заңсыз пайдаланылуын анықтау және тәркіленген өнімдерді жоюға беру туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тауар белгісінің заңсыз пайдаланылуын анықтау және тәркіленген өнімдерді жоюға беру туралы

 

2026 жылдың ақпан–наурыз айларында Маңғыстау облысы Әділет департаменті тауар белгісі құқық иелерінің өтініштері негізінде жеке кәсіпкерлерге қатысты өзгенің тауар белгісін заңсыз пайдалану фактілері бойынша жоспардан тыс 7 тексеру жүргізді.

 

Тексеру барысында Swag200 және iPhone компанияларына тиесілі тауар белгілерін заңсыз пайдалану арқылы өнімдердің сатылғаны анықталды.

 

Нәтижесінде 7 әкімшілік іс қозғалып, сотқа жолданды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 635 775 теңгені құрады. Заңсыз айналымнан 48 дана контрафактілік өнім тәркіленіп, олардың жалпы құны 239 000 теңге болды.

 

Сонымен қатар, 2026 жылғы 24 сәуірде тәркіленген контрафактілік өнімдер iPhone компаниясы өкілінің қатысуымен Маңғыстау облысы Әділет департаментінің ғимаратында жою үшін «Ақтау аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімі» филиалына тапсырылды. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-mng/press/news/details/1209490?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version