Қарағанды облысындағы қолайсыз ауа райының салдары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды облысына соққан қатты жел тұрғын үйлер мен мектептің шатырын ұшырып, ағаштардың құлауына және пайдаланылмай тұрған мұржаның құлауына себеп болды. Синоптиктердің мәліметінше, желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жеткен.

Қолайсыз ауа райының салдары ең көп Қарағанды қаласында тіркелді. Мұнда жел үш тұрғын үйдің шатырын ішінара ұшырып әкетіп, аулалардың бірінде тұрақта тұрған жеңіл автокөлікті зақымдаған. Сонымен қатар қаланың әртүрлі аудандарында ағаштар мен ірі бұтақтар құлаған.

Абай қаласында қатты жел екі бесқабатты тұрғын үйдің шатырын бүлдірді.

Осакаров ауданында желдің екпіні мектеп ғимаратының шатырын зақымдады.

Қарқаралы қаласында екі қабатты тұрғын үйдің шатырына зақым келді. Сондай-ақ осы жерде №2 жұмыс істеп тұрған қазандық аумағында пайдаланылмай тұрған металл мұржа құлаған.

Оқиға орындарына Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері шықты. Қауіпті шатыр бөліктері жедел түрде жойылды.

Қолайсыз ауа райы салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1208784?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version