Туберкулез: әр адам нені білуі қажет?

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Туберкулез – жөтелгенде, түшкіргенде немесе аурудың белсенді түрімен (әсіресе бактерия бөлетін) ауыратын адаммен сөйлескенде ауа-тамшылы жолмен берілетін жұқпалы ауру.

Бұл дертті кез келген адам жұқтыруы мүмкін, алайда иммундық жүйесі толық қалыптаспағандықтан, балалар аса сезімтал келеді. Аурудың даму қаупі тыныс алу органдарының созылмалы аурулары бар адамдарда, қант диабетімен, АИТВ-инфекциясымен ауыратындарда, сондай-ақ алкогольді шамадан тыс тұтынатын және темекі шегетін адамдарда жоғары болады. Қосымша қауіп факторларына дұрыс тамақтанбау және иммундық жүйенің жалпы әлсіреуі жатады.

Туберкулездің негізгі клиникалық белгілеріне 2–3 аптадан астам уақытқа созылатын жөтел (құрғақ немесе қақырықты), жалпы әлсіздік пен тез шаршағыштық, түнгі тершеңдік, дене салмағының төмендеуі, дене қызуының көтерілуі (көбінесе кешкі уақытта), сондай-ақ кеудеішілік лимфа түйіндерінің ұлғаюы жатады.

Туберкулездің алдын алу кешенді шараларды қамтиды. Ең тиімділерінің бірі – вакцинация: қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда дені сау жаңа туған нәрестелерге Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес өмірінің 2–4 тәулігінде БЦЖ вакцинасы егіледі.

Халықты тұрақты түрде тексеру де маңызды рөл атқарады: 15 жастан асқан ересектер мен жасөспірімдерге жыл сайын флюорографиядан өту ұсынылады, ал 14 жасқа дейінгі балаларға Манту сынамасы жүргізіледі. Сонымен қатар, дұрыс тамақтануды, зиянды әдеттерден бас тартуды және жеке гигиена ережелерін сақтауды қамтитын салауатты өмір салтын ұстану аса маңызды.

Туберкулез дер кезінде медициналық көмекке жүгінгенде, уақытылы диагноз қойылып, медицина қызметкерлерінің бақылауымен үздіксіз ем қабылданған жағдайда толық емделетін ауру екенін есте сақтау қажет.

Сіздің денсаулығыңыз – сіздің жауапкершілігіңіз және отбасыңыздың қауіпсіздігі!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zhambyl/press/news/details/1209776?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version