Бүгін қала әкімінің орынбасары Сәкен Сүлейменовтың жүргізуімен кезекті мәрте азаматтарды қабылдау өтті. Қабылдауға депутаттық корпус өкілдері атынан Шохан Ибраев қатысты.
Қабылдау барысында тұрғындар қаламыздағы ең өзекті мәселелердің бірі жол құрылысы, көшелерді асфальттау, жер кезегі, әлеуметтік сала, көше жарығы және қаланың инфрақұрылымына қатысты өзге де сауалдар қойып, оған заң аясында жауап берілді. Түйткілді сұрақтардың шешімін табу бөлім басшыларына тапсырылды.
Қала тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдау әр аптаның сейсенбісі күні 9:00-12:00 аралығында жүргізіледі. Қабылдауға 87172607770 телефон нөмірі арқылы алдын ала жазылуға болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kosshy/press/news/details/1210766?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау