Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтіп, оның барысында сот жүйесінің қызметіне қатысты кадрлық және ұйымдастырушылық мәселелер қаралды.

2026 жылғы 29 қаңтарда жарияланған аудандық соттардың 46 бос судья лауазымына арналған конкурсқа 238 үміткер қатысты. Қарау қорытындысы бойынша 33 кандидатқа ұсыным берілді, оның ішінде 27-сі – алғаш рет ұсынылған заңгерлер, 6-уы – жұмыс істеп жүрген судьялар.

2026 жылғы 3 ақпанда жарияланған аудандық және оларға теңестірілген соттар төрағаларының бос лауазымдарына арналған конкурсқа 94 вакансияға 317 кандидат қатысты. Іріктеу нәтижесінде 46 үміткерге ұсыным берілді.

Тағайындауға ұсынылған кандидаттар туралы мәліметтер Кеңестің ресми YouTube-арнасында өткен отырыстың онлайн-трансляциясы барысында жарияланып, сондай-ақ Кеңестің ресми интернет-ресурсында орналастырылды.

Кеңес әртүрлі негіздер бойынша республика соттарының 39 судьясын қызметтен босатуды ұсынды, оның ішінде:

  • 28 – отставкаға шығуына байланысты;
  • 3 – зейнеткерлік жасқа толуына байланысты;
  • 4 – өз өтініші бойынша;
  • 4 – Сот жюриінің шешімдері негізінде.

Сонымен қатар отырыс барысында Сот жюриінің шешімдеріне шағымдану туралы судьялардың өтініштері, жекелеген соттардағы судьялар санын айқындау, зейнеткерлік жасқа толған судьялардың қызметте болуын жалғастыру, судьяларды қызметтен босату, сондай-ақ олардың отставкасын тоқтату және қайта қалпына келтіру мәселелері қаралды.

Жоғары Сот Кеңесі конкурстық рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету, кадрлық іріктеу жүйесін жетілдіру және кәсіби судьялар корпусын нығайту бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастыруда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/1210767?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version