Жаңадан жұмысқа орналасқан мемлекеттік қызметшілер үшін жеке қабылдау өткізілді.
Қабылдау барысында қызметтік міндеттер, жұмыс тәртібі және мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің кішіпейілділік пен қарапайымдылық танытып, әдеп нормаларын қатаң сақтауы қажеттігі атап өтілді.
Әріптестермен және азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық пен сыйластық басты қағида екені айтылып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-trk/press/news/details/1210100?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау