Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен «Көкшетау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 мамырдағы № С-12/8 «Көкшетау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» жоба әзірленді.
Жоба Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына өзгерістер енгізілуіне байланысты әзірленді, атап айтқанда 1-тарау 4-1-тармақпен толықтырылды-ҚР Өнеркәсіп және Құрылыс министрінің м. а. 28.07.2025 № 279 бұйрығымен; сондай-ақ өзгерістер ҚР Өнеркәсіп және Құрылыс министрінің 19.11.2025 бұйрығымен № 492. Аталған өзгерістер тұрғын үй көмегінің мөлшерін есептеу кезінде Республика бойынша бірыңғай нормаларды енгізуді көздейді.
«Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі» мемлекеттік мекемесінің ұсынысы бойынша шешімнің тақырыбында «тәртіп» сөзі «Құқықтық актілер туралы» Заңның 1 – бабының 13) тармақшасына сәйкес «қағидалар» сөзіне ауыстырылады «қағидалар-бұл қандай да бір қызмет түрін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт.»
Тақырыптың редакциясы келесідей болады: «Көкшетау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен ережелерін анықтау туралы».
көрсетілген шешімнің 1 тармағы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Көкшетау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.».
Қолданыстағы шешімнің қосымшасында айқындалған Көкшетау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Бұл шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sobes-kokshetau-akmo/press/news/details/1210099?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау