МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ТҮСІНДІРІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мемлекеттік қызметшілер арасында қаржылық сауаттылық, ақпараттық гигиена, құмар ойындарына тәуелділіктің алдын-алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуде. Кезекті дөңгелек үстел Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы қызметкерлерімен өтті. Шараға Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің АМІЖ тергеушісі Майра Оралбаева және Қызылорда облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Бағдат Әбдіқадыр қатысты. Дөңгелек үстел барысында қатысушыларға цифрлық ортада қауіпсіздікті сақтау қағидаттары кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, интернет-алаяқтықтың кең таралған тәсілдері, қаржы пирамидаларының белгілері,  жеке деректерді бөгде адамға бермеу керектігі туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, тақырып аясында бейнероликтер көрсетіліп, ақпараттық жадынамалар таратылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-kyzylorda/press/news/details/1210235?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version