24 сәуір күні Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінде «QMA Uzdigi» турнирінің аймақтық кезеңі өткізілді.Турнирге Қызылорда, Жамбыл, Шымкент және Түркістан облыстары бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменттерінің қызметкерлері қатысты.Атап айтқанда, әр өңірдің жедел, тергеу және аналитикалық бөлімшелерінен 1 қызметкерден, жалпы 12 қатысушы кәсіби шеберліктерін сынады.
Сайыс қорытындысы бойынша:
-жедел қызметкерлер арасында Түркістан облысы бойынша Экономикалық -тергеп-тексеру департаментінің аға жедел уәкілі Жанболат Тарапбай;
-тергеушілер арасында Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің АМІЖ тергеушісі Қуаныш Ақыпбеков;
-аналитика бағыты бойынша Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға жедел уәкілі Жасұлан Құттыбек жеңімпаз атанды. Турнир соңында барлық қатысушыларға естелікке сыйлықтар табысталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-kyzylorda/press/news/details/1210234?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау